Жасөспірімдерге "Sputnik V" вакцинасы салынуы мүмкін

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters

Мәскеуде "Sputnik V" вакцинасын жасөспірімдерге салу үшін клиникалық зерттеу жүргізілмек, деп хабарлайды ЭК. Зерттеуге 12-17 жастағы ерікті жасөспірімдер қатысады.

"РИА Новости"-дің жазуынша, Зерттеу үш кезеңде жүзеге асады. "Нәтижелер ойдағыдай болып жатса, соның негізінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бағдарламасына жасөспірімдерді қосу туралы шешім қабылданады.

Зерттеуге барлығы 350 ерікті қатысады. Зерттеудің алғашқы екі кезеңінде 100, ал үшінші кезекте 250 жасөспірім қамтылмақ. "Қазір біз зерттеуге еріктілерді алдын-ала тарту шараларын жүргізіп жатырмыз", — деді Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары.

Препаратты зерттеу бір жылға созылады. Вакцина қабылдаған жасөспірімдер осы уақыт аралығында дәрігерлердің үнемі бақылауында болмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров