Біртанов "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысының сотында куәлік етті

Бек ТӨЛЕУОВ

Бейнеден кадр

Үй қамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "СК-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта куәлік етті, деп хабарлайды ЭК.

"CК-Фармация" мен Берік Шәріп тасымалдауды кешіктірген жоқ, қасақана әрекет етті деу мүлде қисынсыз. Ешқандай заңбұзушылық әрекеттерін қасақана жасамағанына сенімдімін. Бұл форс-мажор жағдай және Қытай тарапы қазақстандық компаниямен келісімшарт талаптарын орындамады. Сол себепті, қазақстандық тарап "СК-Фармациядан" уақытында заттарды ала алмады. Бұл азаматтық-құқықтық қатынас, мұндай нәрселер болып тұрады", — деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, "СК-Фармация" Қазақстанға тезірек тауарды жеткізуге тырысқан. Тіпті, Премьер-министрдің көмегін де пайдаланған.

"Өкінішке Қарай, Объективті Себептерге Байланысты Дәл Қытай Тарапынан Кедендік Рәсімдеу Бұзылды. Біз Асығыс Едік, Барлық Елшілер Бүкіл Әлем Бойынша Мата Мен Маска Іздеді. Келісімшартқа Қол Қойылғанын Естіген Соң, Бұл Іске Менде Кірістім. Бұл Жерде Берік Шәріптің Жеке Кінәсі Жоқ. Керісінше, Ол Қорғаныш Киімдерді Мүмкіндігінше Жылдам Жеткізуге Тырысты... Ол Нендей Қылмыс Жасады, Білмеймін. Оны Адал Қызметкер Деп Санаймын", — Дейді Экс-Министр.

Айта кетейік, 2020 жылдың 14 тамызында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп қамауға алынған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров