"Суымыз Қырғызстанға тәуелді"

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысына 1 млрд 800 млн текше метр су қажет болса, оның 80%-ын Қырғызстаннан алады, деп жазады ЭК.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, судың басым бөлігі сырттан келетіндігіне қарамастан, қуаңшылықпен күрес қарқынды жүріп жатыр.

Біздің аймаққа 1 мрлд 800 млн текше метр су қажет, оның 80 пайызын біз Қырғыз елінен аламыз және облыс аумағында 3 су қоймасы бар. Өткен жылы 2 су қойманың өндірістік қуатын арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ендігі уақытта сол 2 су қойманы барынша пайдаланып, өзен-көлдерді сумен толтыруымыз керек, — деді Бердібек Сапарбаев

Сапарбаевтың айтуынша, облыс аумағындағы 600 су ұңғымасы арқылы, 10 мың гектарға жуық жерді жерасты суымен қамтамасыз етеді.

Шаруа қожалықтарына да суды кезекпен және есептеп беретін боламыз. Яғни, барлығына бірдей жетуі үшін. Әсіресе бұл Қордай, Жамбыл және Байзақ аудандарына қатысты. Себебі аталған аудандар су мәселесіне келгенде Қырғыз еліне тікелей тәуелді,

деді облыс басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров