"Өздері кінәлі". Алматыдағы субұрқақтарға жауапты мекеме басшысы ақталды


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Жасыл экономика басқармасына қарасты Eco Almaty ЖШС басшысы Жанна Асанова әлеуметтік желіде субұрқақтағы оқыс оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды ЭК.
Ол жауапкершілікті балаларға және олардың ата-аналарына бұрып отыр. Субұрқақтардың күрделі техникасы мен одан төнетін қауіп туралы айта келе, мекеме басшысы тоққа ұрынғандардың қатер туралы ескертуді елемегенін айтады.
"Субұрқақ жұмысының басты талаптарының бірі — "Шомылуға болмайды!" деген ескерту тақтайшасының болуы. Ол субұрқақта ескерту тақтайшасы бар. Ересектердің балаларын сақтандыруға бұл да жеткіліксіз бе? Тыйымдар мен ескертулерге селқостығымыз кейде осындай бақытсыз жайттарға ұрындырады" — деді мекеме басшысы.
19 маусымда Алматы қаласындағы Цирк ғимараты жанындағы субұрқақта екі қыз бала мен бір әйел тоққа түсіп, куәгерлердің арқасында аман қалғанын, естеріңізге саламыз.