Елде коронавирустың үнді штаммы пайда болуы мүмкін

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды ЭК.

Елордада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі күрт артқан. Соған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді.

Скрининг нәтижелері бойынша, "Дельта" штамына ("үнділік" штамм) тән мутацияға ұқсас күдікті жағдай анықталыд.

Мутацияның болуын және оның "Дельта" штамына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.

"Дельта" коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғары екен. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Соңғы зерттеулерге сенсек, коронавирустың "үндістандық" штамында өлім-жітім көп.

"Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Инфекциядан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден бір жолы –COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу. КВИ-ге қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір азаматқа қысқа мерзімде вакциналануға кеңес береміз", — делінген хабарламада.

Вирус таралуының алдын алу мақсатында барлық профилактикалық шараларды қатаң орындау қажет: маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 "Дельта штамм" әлемнің 174 елінде анықталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров