Айырбас: Саған киім, маған тамақ

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Қырғыздар бағаның өсуіне орай тұрмыстық заттарын азық-түлікке айырбастай бастады — деп хабарлайды ЭК 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда күн сайын интернет-ресурста киім, аяқ киім және басқа заттарды тағамға айырбастау туралы ондаған жарнама пайда болды.

Мобильді қосымшаны талдаудан кейін көптеген қырғызстандық аяқ киімді, киім-кешек, жүн және тоқыма өнімдеріне арналған құрал-жабдықтар және басқа да тұрмыстық-техникалық бұйымдарды тағамға айырбастауға дайын екендігі белгілі болды. Осыған ұқсас хабарландыру өте көп. Күнделікті өмірге қажет тұрмыстық тауарларды ұсынушылардың негізгі сұранысы қант пен майға түседі екен.

Айта кетейік көрші елде де соңғы жарты жылда азық-түлік өнімдерінің бағасы екі есеге шарықтап кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров