Қостанай облысында 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Бек ТӨЛЕУОВ

Pxhere

Қостанай облысының Лисаковск қаласында 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді. Әйелдің кім екендігі анықталып жатыр деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Instagram-дағы @lisakovsk.life парақшасында жазылды.Куәгерлер 15 маусым күні таңертең, қаладағы стадион маңында түтін шығып жатқанын байқаған. Іздестіру-құтқару тобы әйелдің аты-жөні Сәуле екенін хабарлады. Олар оны Лисаковская қалалық ауруханасына жеткізді. Бірақ 17 маусымға қараған түні әйел қайтыс болған.

"Ол жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірақ денесін шалған күйіктен қайтыс болды. Әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды", — деп растады Қостанай облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сондай-ақ сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров