Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жанар-жағар май тапшы

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Facebook / Сатыбалды Жүнісбеков

Жанар май құю бекеттерінде кезекке тұрған көліктер көп, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жағдай бойынша Энергетика министрлігінің Мұнай өнімдерін қайта өңдеу және тасымалдау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғат Құрманбаев арнайы видеоүндеу жолдады.

"Бұл, осы жылдың 6 мамырынан 10 маусымына дейін "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС жоспарлы алдын алу жөндеуінде болды. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық қондырғылар тұрақты жұмыс істеуде. 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды. Соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тоннаны құрап отыр. 16 маусымнан бастап дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіріс 5,6 мың тоннаны құрады. Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен қамтиды", –деді Талғат Құрманбаев.

Сондай-ақ, ол қазір "ҚТЖ" ҰК" АҚ-пен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге жанар-жағар майды жөнелту жеделдетіліп жатқанын жеткізді. Барлық мұнай өңдеу зауыттары тәулік бойы тоқтамай мұнай өнімдерін өндірумен және ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Дегенмен, тұрғындар әлеуметтік желілерде газ 100 теңгеден, бензин 250 теңгеден, солярка 300 теңгеден сатылып жатқанын жазып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров