Алматы облысында 17 жастағы екі қыз төбелесіп, бірі пышаққа түсті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Қаратал ауданы, Бастөбе ауылында 17 жастағы екі қыз көшеде төбелесті, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Суық қару қолданған біреуі екіншісін жарақаттаған. Тіркелген іс бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Оқиға туралы ақпарат 13 маусымда аудандық полицияға ауруханадан келіп түскен. Онда жарақат алған Бастөбе ауылының 17 жасар тұрғыны жеткізілген. Тергеу барысында күдікті анықталды, ол жәбірленушімен құрдас болып шықты.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Олардың арасында бұған дейін де жанжал болған. Жәбірленуші қарсыласына звондап, мәселені шешуге шақырған. Алайда арада ұрыс басталып, күдікті қашып кетеді. Кейін ауласынан пышақ алып шығып, қарсыласына сұғып алған. Пышақ тәркіленіп, заттай дәлел ретінде іске тіркелген. Қазір кәмелетке толмағандардың бірі ауруханада, екіншісі ата-анасының қарауына берілді", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы, 1-бөліміне сәйкес "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров