Бір күнде екі адам суға кетті

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД

Атырау облысында бір күн ішінде екі адам суға кетті, деп жазады ЭК.

Құрманғазы ауданында 20 маусым күні таңертең 20 жастағы жігіт жұмыстасымен Қиғаш өзеніне барып, өзі пирстан секіріп, қасындағы әріптесі жағада қалып қояды. Алайда суға секірген жігіт қайтадан су бетіне шықпайды.

"Жағадағы жігіт дереу жергілікті полиция инспекторына және ауыл тұрғындарына хабарласып, өз беттерімен іздестіру жұмыстарын бастаған. Кейін денесі судан шығарылды", — деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі.

Осы күні түскі уақытта Жылыой ауданында 37 жастағы жігіт күннің ыстығынан салқындап алмақшы болып, Жем өзеніне суға түскен.

Ол суға секірген бойда, батып бара жатқандығы туралы айғайлап, көмек сұраған. Алайда ешкім көмек бере алмаған. Оның да денесі судан шығарылды,

деп мәлімдеді ТЖД.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров