Түркістанда жас көшбасшылардың халықаралық саммиті басталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

«Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты саммитке түркі елдері жастарының көшбасшылары мен белсенділері қатысуда, деп хабарлайды ЭК.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы мен Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжанның белсенді жастары түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістанда кездесті. Екі жүзге жуық жастың басын қосқан ауқымды шара үш күн өтеді.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Халықаралық саммиттің алғашқы күнінде қатысушылар мен қонақтар Түркістан өңірінің киелі жерлерін аралады. Олар Яссауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Сапар орталығында болды.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан саммиттің басты мақсаты — түркі әлемінің даму жолын бірлесе талқылау.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров