«Маймақ аюды» дәл келтіріп билеген бүркітші жұртты тәнті етті (видео)

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

«Маймақ аюдың» қимылын дәл келтіріп билеген бүркітшінің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды ЭК

Бейнекөріністі белгілі этнограф Бағдат Мүптекеқызы Фейсбуктегі парақшасына жариялаған. Онда тура аюдың қорбаңдаған қимылдарын дәл келтіріп билеген ер адамды көресіз. Этнографтың айтуынша, ол Талдықорған қаласында тұратын бүркітші Түсей Әбдікәрімұлы екен. Жазба авторы Бишінің өнеріне "Шажа" жайлауының етегінде қоныстанған Файзолла Бүркітбайдың шаңырағына барғанда куә болады.

Бөпеш келінмен жүздесіп мәре-сәре боп қалдым. Бөпештің сызылтып салған әніне Түсейдің "маймақ аюды" мың құбылта билегені Бүркітбай ағаның шаңырағын шаттыққа бөледі. Бүркітшілердің басы қосыла қалса, осындай күтпеген қызықтарға тап боласың,

деп жазған Бағдат Мүптекеқызы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров