Саты ауылындағы 81 үй туристерге қызмет көрсетуде

Болат МӘЖИТ

facebook.com/raiymbek

Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 81 үй туристерге қызмет көрсетуде, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде өткен "Kolsay CBT Workshop 2021" атты семинарда айтылды. Үш күнге созылған семинар-тренингте қонақ үй иелері арнайы мамандардан туристерге сапалы қызмет көрсету жайында толыққанды ақпарат алды. Сөйтіп, ауыл тұрғындары бұл салаға одан сайын машықтана түсті.

Саты ауылындағы тәжірибе экотуризмді дамытуда бүкіл елге үлгі болып отыр. Қазір онда 81 үйден бөлек стандартты 29 қонақ үй жұмыс істеуде. Семинар аясында туристерді қабылдайтын тағы бір жаңа нысан пайдалануға беріліп, қонақ үйлердің саны 30-ға жетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров