Оралда картоп пен күнбағыс майынан кейін қант қымбаттады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Қала базарларында қанттың келісі 340-350 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды ЭК.

Бұған дейін Оралдағы сауда орындарында келісі 290 теңгеден болған қант қазір 340-350 теңгеге көтерілді. Тұрғындар баға осылай шарықтай берсе, саяжай ұстаудың өзі тиімсіз деп наразылық білдіруде.

"Мен 25 келі қант алу үшін сегіз мыңға жуық ақша жұмсауым керек екен. 50 келілік туралы айтпай-ақ қояйын. Әзірге қант сатып алмаймын, күтемін, мүмкін билік бір шешімін шығарар", — деді қала тұрғыны, зейнеткер Лидия Коновалова.

Ал саудагерлер қанттың соңғы импорты қымбат болып келгенін, сол себепті бағасы 30 теңгеге өскенін алға тартты. Өйткені өздері де 310 теңгеден қабылдайды екен.

"БҚО статистика департаментінің мәліметтері бойынша, қант бағасы бір жыл ішінде 31% яғни келісі 198 теңгеден 287 теңгеге дейін өсті. Өңірімізге қантты Ресей мен Беларусьтан, сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлерінен тасымалданады. Қанттың бөлшек саудадағы бағасының өсуі аймақтық нарықтың импортталатын өнім көлеміне тәуелділігімен, атап айтқанда, қант өндірушілер сататын тауарлар бағасының өсуімен байланысты", — деді БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму департаментінің бас маманы Мейрам Қабдығалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров