Сәтбаевтағы бес жасар қызды зорлау ісіне қатысты сот үкімі шықты

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

Үш айыпталушының бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ЭК.

Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің айтуынша, белгісіз дәрі құйып қызды есінен тандырған әйелге 22 жыл жаза кесілді. Үшіншісінің сотқа дейінгі уақытша ұстау абақтысында өзіне өзі қол салып өлгені мәлім.

Бүгін 2019 жылы 23 шілдеде Сәтпаев қаласында болған жан түршіктірер оқиғаның мән-жайы сұмдық екені белгілі болды. Зорланған қыз 62 жастағы ер адамның пәтерінен табылған еді. Соттың анықтауынша, тергеу қапасында өзіне өзі қол салған үшінші қылымыскер бүлдіршінді күштеп пәтеріне кіргізген. Ол өзінің көршісі Сергей Протопоповқа жымысқы ойын айтады. Көршісі бұған бірден келіседі.

Олардың айуандық әрекетіне Протопоповтың әйелі Татьяна Протопопова қосылады. Ол белгісіз дәрі құйып, қызды есінен тандырады. Содан кейін бұлар айуандықпен қызды зорлайды.

Протопопов өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал оның әйелі 22 жыл темір торда отыратын болды,

делінген сот хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, Сәтбаевтағы жан түршігерлік оқиға бүкіл қаланы дүрліктірген болатын. Жүз жақты адам күдіктінің үйінің алдына жиналып, кейбіреулер тіпті "оны өзіміз жазалаймыз" десті. Ал күмән тудырған адамды тәртіп сақшылары жасырын алып кеткенін білгендер полиция басқармасына дейін барды. Олар ғимарат пен автокөліктерге зақым келтіріп, автобусқа от қойды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров