Нұр-Сұлтанда тіс емдетуге барып, комаға түскен бүлдіршін шетінеп кетті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pixabay

Бұл туралы комада болған қыздың анасы Анастасия Зеленая өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Анастасия Зеленная кінәлілер тиісті жазасын алмайынша тоқтамайтынын айтқан. Ол "Біз сот- медициналық сараптама жасалады деп күтіп отырмыз... Барлығы аяқталғаннан кейін міндетті түрде күресті жалғастырамын" деп жазған.

2019 жылы екі жарым жастағы Алиса Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке стоматологиялық клиникаға барып тіс емдеткеннен кейін комаға түскен еді. Еліміздің сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жағдайды бақылауға алатынын айтқан болатын. Медициналық қызмет көрсету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Лаура Ахметниязова да стоматологиялық клиникадағы заң бұзушылықтар туралы айтты.

Сәби бір жарым жылға жуық уақыт комада жатты. Өкінішке қарай, дәрігерлер кішкентай қызды аман алып қала алмады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров