Оралда ер адам көлік жөндеп жатқан жерінде мерт болды

Болат МӘЖИТ

Pxhere

Оралдағы көлік жөндеу орталығында ер адам тоққа түсіп қаза тапты, деп хабарлайды ЭК

Бұл туралы БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. Қайғылы оқиға 18 маусым күні сағат 14.25-те Сырым Датұлы көшесінде орналасқан көлік жөндеу орталығында болған. Сонда жұмыс істейтін 32 жастағы ер адам арнайы шұңқырға түсіп, автокөлікке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кенет оны тоқ соғады.

"Өкінішке қарай, тоқ ұрған азамат жедел жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамалық талдауға жіберілді" деп жазады полиция хабарламасында

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров