Тауда адасқан қыздарды алдымен ит тапты

Болат МӘЖИТ

ТЖД

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі қызды алдымен із кесуші ит тапты, деп хабарлайды ЭК.

Республикалық жедел құтқару қызметіне екі қыздың тауда адасып кеткені туралы хабар келіп түседі. Олар Букреев шыңына көтеріліп бара жатып жолдарынан жаңылған. Құтқарушылар геолокация арқылы қыздардың Алматы облысы Талғар ауданы аумағында адасып жүргенін анықтапты.

ТЖДТЖД
ТЖД

Жедел құтқару қызметіндегілердің хабарлауынша, адасқан қыздарды алдымен Габриэль атты іс кесуші ит тапқан. Олардың бәрі дін аман. Сіркіреп жауған жаңбыр таудан төмен түсуге біраз қиындықтар туғызыпты. Оның үстіне кеш батып, айнала қараңғылана бастаған. Соған қарамастан құтқарушылар қыздарды ата-анасымен аман-есен қауыштырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров