Оралда екі еркектің ерегісі кісі өлімімен аяқталды

Болат МӘЖИТ

© Мария ХАРИТОНОВА

Оралдағы көшелердің бірінде бейтаныс екі адам төбелесіп, оның соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды ЭК

Оқиға 19 маусым күні Шолохов пен Циолковский көшелерінің қиылысында болған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бір-бірін танымайтын екі адамның арасында жанжал туындайды. Кикілжің өршіп, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 20 жастағы жігіт 46 жастағы ер адамды соққыға жығып, құлағаны есінен танып қалған.

Жедел жәрдем көлігі оқиға болған жерге дереу жетіп, ауыр соққыға жығылған адамды ауруханаға жеткізер жолда 46 жастағы азамат жимаған күйде жедел жәрдем көлігінде көз жұмады.

Оқиғаға қатысты қазір ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлігіне (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров