Рудныйда қызды құтқармақ болған 13 жасар ұл бала суға кетті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Қостанай облысындағы Рудный қаласында кішкентай қызды құтқармақшы болған жеткіншек өзі суға батып кетті, - деп хабарлайды ЭК.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 2021 жылы 14 маусымда сағат 15:00 шамасында Тобыл өзенінің бойындағы жабайы жағажайда болған.

Судың ағынымен кетіп бара жатқан қызды екі жеткіншек құтқармақ болған. Алайда қатты ағыс балаларға күш бермей, тереңге тартып әкеткен. Осы кезде көмекке келген ересектер де ұл баланың бірін тура келген ажалдан арашалап әкете алмады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров