Еуро-2020. Нидерланды мен Аустрия плей-оффқа жолдама алды

Бек ТӨЛЕУОВ

twitter.com / EURO2020

Футболдан Еуропа чемпионатының С тобындағы ойындар аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

twitter.com/EURO2020twitter.com/EURO2020
twitter.com/EURO2020

Бұл топтан плей-оффқа Нидерланды мен Аустрия тікелей жолдама алды. Ал Украина өзге топтардағы нәтижелерді күтеді.

Македонияның екінші турдан кейін-ақ 1/8 финалға шығатын ешқандай мүмкіндігі қалмаған еді. Ал Нидерланды С тобында бірінші орын алып үлгерген болатын. Дегенмен Аместрдамдағы Йохан Кройфф аренада жанкүйерлерінің алдында жеңіске жетуді көздеді. Бұл ойлары жүзеге асып, 3:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Бірінші таймда кеше ғана "Барселона" ойыншысы атанған Мемфис Депай есеп ашты. Ал екінші кезеңде құрама капитаны Жоржиньо Вейналдум дубльдің авторы атанды. Ол мергендер көшінде 3 гол соққан Роналду мен Шикті қуып жетті.

Екінші ойында Аустрия Украинадан басым түсті. Матчтағы жалғыз голды Алабаның пасынан кейін Баумгартнер енгізді.

Енді Аустрия 1/8 финалда Италиямен кездеседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров