Биыл астана күнін тойлауға қатысты айтарлықтай жаңалық жоқ

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ел астанасының күнін атап өту жоспарларын айтты, деп хабарлайды ЭК.

Елорда күнін мерекелеу аясында әдеттегідей бірқатар концерттер мен шаралар өткізу жоспарланған. Олардың барлығы да санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

Іс-шаралардың көпшілігі биыл да онлайн-режимде өтеді және бұл мерекеде ешқандай жаңа бағдарлама болмайды,

деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіндегілер.

Сондай-ақ, олар астана күніне арналған бағдарлама әлі де әзірленіп жатқанын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров