Түркия коменданттық сағатты тоқтатты

Экспресс К

aa.com

Түркия билігі елде коронавирусқа қатысты енгізілген коменданттық сағаттың 1-шілдеден бастап тоқтатылатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды, ЭК Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Біз бүгін министрлер кабинетімен өткізілген отырыста шілде айының 1-жұлдызынан бастап елдегі коменданттық сағатты толықтай алып тастауға шешім қабылдадық. Мемлекеттік мекемелер қалыпты жұмыс кестесіне оралатын болады. Көпшілік орындарында, қоғамдық транспорттарда бекітілген жас айырмашылығына байланысты талаптар күшін жояды. Барлық қызмет түрлері тұрақты еңбек уақытына көшіріледі" — деп мәлімдеді Режеп Тайып Ердоған бүгін Түркия халқына жасаған тележолдауында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров