Түркияда Мұқағалидың кітабының тұсауы кесілді

Болат МӘЖИТ

Facebook / Жұматай Оспанұлы

Түркияның Кастамону қаласында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, башқұрт тілдеріне аударылған «Қайтқанда соңғы» тырналар атты жыр кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ЭК.

Айтулы жаңалықпен белгілі қаламгер Жұматай Оспанұлы Facebook-тегі парақшасында бөлісті. Ақынның жыр жинағы халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының қолдауымен жарық көрген.

"Мұқағали ақынның жаухар жырларын түбі бір түрік ағайындар өз тілдерінде сөйлетті. Тұсаукесер рәсімі Кастамону қаласында жоғары деңгейде өтті. Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының төрағасы Дүйсен Қорабайұлы, Кастаману қаласының мэрі Рахми Галип Видинлиоглу баяндама жасады. Түрік тіліне аударған Кенан Чарбоға мен қырғыз тіліне қотарған Қожогелди Күлтегин ақын өлеңдері жайлы ойларын ортаға салды. Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесі туралы естелік айтты", — деп жазады Жұматай Оспанұлы.

Facebook / Жұматай ОспанұлыFacebook / Жұматай Оспанұлы
Facebook / Жұматай Оспанұлы

Сәрсенбі күні кітаптың тұсаукесер рәсімі Анкара қаласындағы ТҮРІКСОЙ орталығында жалғасады

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров