Италияда вакцина салмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетіліп жатыр

Болат МӘЖИТ

© AP

Италияда COVID-19-ға қарсы екпені әлі күнге дейін алмаған дәрігерлерді қызметінен шеттетіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Бұл ақпаратты сол елдің Sky TG24 телеарнасы таратты. Италияда коронавирусқа қарсы халықты жаппай вакцинациялау өткен жылдың 27 желтоқсанында басталған. Ең алғаш екпе салдырғандар қатарында Римдегі жұқпалы аурулар институтының қызметкерлері болды. Осыдан кейін дәрігерлер арасында жаппай вакцинациялау жүргізілді.

1 сәуір күні Италияның министрлер кеңесі коронавируспен күресте жаңа қаулы қабылдады. Онда елдегі барлық медициналық қызметкерлерге вакцина салу міндеттелді. Үкіметтің қаулысында 16 сәуірге дейін екпеден бас тартқан дәрігерлер тізімі анықталуы керек болатын. Алайда бұл шара екі айға жуық уақытқа созылған. Енді екпеден бас тартқан ақ халаттылардың жұмысымен амалсыз қош айтысуына тура келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров