Ресей құрамасы үшін Еуро-2020 аяқталды
©Reuters/Wolfgang RATTAY
Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне қатысушылар анықтала бастады. В тобындағы 3-турда Ресей мен Дания құрамасы арасындағы кездесу алаң иелерінің басымдығымен аяқталды, деп хабарлайды ЭК.
Копенгагеннің "Паркен" стадионында өткен бұл матч ресейліктер үшін осы чемпионаттағы соңғы ойыны ретінде тіркелді.
Жергілікті командаға 4:1 есебімен есе жіберіп қойған Станислав Черчесовтың шәкірттері плей-офф кезеңіне өте алмай қалды.
Алғашқы таймды 1 гол басымдықпен тәмамдаған даниялықтар екінші таймда қатарынан үш гол соғу мүмкіндіне ие болды. Тек,ойынның 70-ші минутында ресейлік Дзиубаның қарымта ретінде салған жалғыз голы шешуші матчтың тағдырына пәлендей әсер ете қоймады.
Сонымен, кездесу қорытындысы бойынша алаң иелері 3 гол айырмашылықпен чемпионаттың 1/8 финалына жолдама алды.
Дания құрамасына чемпионатты жалғастыруға мүмкіндік әперген төрт голдың авторлары: Дамсгор (38-минутта), Пулсен (59-минутта), Кристенсен (79-минутта), Меле (82- минутта).