COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 410523 ЖАЗЫЛҒАНДАР 386127 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4249

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 943 жағдайы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 119 Сovid-19 оқиғасы анықталды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 410 мың 523 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 323,

Алматы қаласында — 110,

Шымкент қаласында — 17,

Ақмола облысында — 33,

Ақтөбе облысында — 7,

Алматы облысында — 27,

Атырау облысында — 26,

Шығыс Қазақстан облысында — 64,

Жамбыл облысында — 22,

Батыс Қазақстан облысында — 13,

Қарағанды облысында — 153,

Қостанай облысында — 31,

Қызылорда облысында — 30,

Маңғыстау облысында — 12,

Павлодар облысында — 43,

Солтүстік Қазақстан облысында — 15,

Түркістан облысында — 17.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 386 мың 127 адам емделді, оның ішінде 1084 адам соңғы тәулікте.

22 маусымдағы жағдай бойынша 21 мың 330 адам коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастыруда, оның ішінде 20 мың 147 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 183 — теріс (КВИ-), стационарларда 6 мың 310 пациент, амбулаториялық емдеуде — 15 мың 20 адам.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 419 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 95, ӨЖЖ аппаратында — 59", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров