Бірден он бала тудым деп бүкіл әлемді алдаған ба?

Нұрболат АДЫРБЕК

© ANA

Оңтүстік Африка Республикасында бір уақытта 10 балалы болғанын айтқан 37 жастағы Госиаме Ситоле психиатриялық ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды ЭК.

Daily Mail-дің жазуынша, Госиаменің күйеуі полицияға хабарласып, әйелінің жоғалып кеткенін айтқан. Ол жұбайының 8 маусымда бірден 10 бала босанғанын хабарлағаннан кейін бірде-бір рет байланысқа шықпағанына алаңдаушылығын білдірген.

Полиция әйелді іздеп тапты. Тексеру нәтижесінде әйелде ешқандай жүктілік болмағаны анықталды.

Ситоленің күйеуінің айтуынша, әйел босанған аурухана да бұл ақпаратты растай алмады. Олар әйелге ешқандай медициналық қызмет көрсетпегендерін айтты. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі де маусым айында бірде-бір ауруханада ондай дерек тіркелмегенін жеткізді.

Қазір Ситоле Йоханнесбургтегі психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оны бақылауға алған. Әйелдің адвокаты Рефилое Макоенаның айтуынша, Госиамені медициналық мекемеде мәжбүрлеп ұстайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров