Коронавирустың "үндістандық" штаммы пайда болды. Мамин шұғыл тапсырма берді

Бек ТӨЛЕУОВ

primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин коронавирус қаупінің артуына байланысты мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ЭК.

"Өздеріңізге белгілі, елордада коронавирустың "Дельта" штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын"– деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жалпы елдегі жағдай қалыпты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай күрделі.

Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Осы ретте санитариялық — эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуына және вакцинация қарқының өсіруге баса назар аудару қажет,

деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр елімізде , бүгінгі күні 2,8 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компоненетін, 1,7 астам адам екінші компонентін салдырғанын айтты.

"Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 25 пайыз және жансақтау бөлімдерінде 21 пайызды құрап отыр. Елорда "қызыл" аймақта, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл қалада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді. Жалпы өңірлердің басым бөлігі — "жасыл" аймақта, 5 өңір — "сары" аймақта"– дейді ол

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров