Коронавирустың "үндістандық" штаммына байланысты елде карантин күшейтілуі мүмкін

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елде эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Үкімет отырысында вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.

"Бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуы тиіс"– деді Ералы Тоғжанов.

Ол барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын күшейту қажеттігін, қоғамдық орындарға келушілерде "Ашық" қосымшасымен тексеру талабын қатаң сақтау керектігін айтты.

Ең маңызды мәселе — халықты вакцинациялау. Барлық деңгейдегі қала, аудан, облыс әкімдіктерінің күнделікті жеке бақылауында болуы тиіс. Вакцина алып үлгермеген адамдарды тез арада вакцина алуға шақыру — ең басты басымдық,

деді Үкімет басшысының орынбасары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров