YouTube табыстан салық ұстай бастады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© Getty images

Бұл жайт aitube.kz атты ұлттық видеохостингімізге жаңа серпін беруі мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

YouTube маусым айының бірінен бастап қаралымның табысынан салық ұстай бастады. Әзірге бейнероликтері арқылы ақшаны күреп тауып жүрген АҚШ азаматтарынан ұстайды.

Іnstagram-дағы YouTube сарапшысы Самсон Безмятежныйдың мәлімдеуінше, контентінен ақша алып отырған барлық авторлар салық ақпаратын дереу тапсыруы тиіс. Бұл — салық нысанын толтыру керек деген сөз. 31 мамырға дейін салық нысанын толтырмағандардың салығы бірден 24 пайызға артпақ.

Қазақстан үшін салық — 10 пайыз.

Айта кететін жайт, елімізде aitube.kz атты ұлттық видеохостингіміз жұмыс істеп тұр. Бұл жерде де болашақта монетизация жасалады. Яғни контент жасаушылар одан табыс таба алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров