Алматы кәсіпкерлері вакцина салдырғандарға бағаны түсірмек (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Акцияға Бостандық ауданының 18 кәсіпкерлік субъектісі қатысып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары вакцинация туралы төлқұжатын көрсетіп, QAMQOR акциясы аясында қатысушы кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге белгілі бір жеңілдіктер ала алады.

Акцияға Бостандық ауданының 18 кәсіпкерлік субъектісі қатысып жатыр. Бас-аяғы — 23 нысан. Оның ішінде кинотеатр, кофехана, монша, демалыс аймағы және басқалары бар.

"Алматы қаласы Бостандық ауданының Кәсіпкерлер палатасымен бірге жобаны іске қостық. Вакцинация туралы төлқұжаты бар клиенттерге жеңілдіктер ұсынамыз. Біздің фитнес орталыққа бірінші абонементті 20% жеңілдікпен алуға болады. Клиент келеді, әкімшіге паспортты көрсетеді. Бұл жеңілдік біздің клубта бірінші айға жарамды", — фитнес клуб иесі Кирилл.

Аудан кәсіпкерлері осылайша коронавирустық инфекция пандемиясымен күреске өз үлестерін қоспақ.

Сондай-ақ, еліміздің барлық кәсіпкерлерін осы акцияға қосылып, қолдауға шақырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров