Коронавирус: Қазақстан "сары" аймаққа өтті

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа кірді. Нұр-Сұлтан қаласы сол күйі "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты.

Соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 4% — ға өскені байқалады. Бұл Нұр-Сұлтанда тіркелген жағдайлар санының 40% — ға артуына байланысты,

деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, "Сары" аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Ол осы ретте еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен болып тұрғанын айтты.

"Халықты вакциналау жалғасып жатыр. Шамамен 4,5 мың доза вакцина қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 809 447 адам екпе алды. Бұл — екпе алуға кіретін халықтың 28,4 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылды. Бүгінде екпе пунктілерінде вакцинаның жеткілікті дозасы бар: 1-компонент — 1,1 млн доза және екінші компонент — 1,4 млн доза. Осы ретте айта кетсек, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен", — деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров