Бауыржан Момышұлының шығармасын оқудан халықаралық челлендж басталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының "Артымызда Мәскеу" кітабынан үзінді оқудан халықаралық челлендж басталды, деп хабарлайды ЭК.

Ресей ғылым және мәдениет орталының баспасөз қызметінің мәліметінше, аза тұту күніне орай Нұр-Сұлтандағы "Русский дом" ғимаратына келушілер Бауыржан Момышұлының әйгілі шығармасынан үзінді оқи алады.

Жоба осы жылдың аяғына дейін жалғасады. Яғни күзде қазақ жауынгерлері теңдесі жоқ ерлік пен батылдық көрсеткен Мәскеу үшін тарихи шайқастың 80 жылдығы тойланатын күндерде аяқталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров