Есірткі бейнеленген заттарға тыйым салынады

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Әлеуметтік желіден

Бұл жасөспірімдердің назарын аударып, қызығушылығын оятуы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицейлер Көкшетау қаласының орталық базарында өңір кәсіпкерлерін ескертіп, рейд жүргізді.

Есірткімен күрестің мұндай тәсілін жастар да қолдайды. Тыйым салынған заттар бейнеленген киім-кешектің еліктеушілік тудыратынын растаған бір топ волонтерлар, есірткі бизнесімен күрес басқармасы әзірлеген ақпаратты таратып, кәсіпкерлерді құлаққағыс етті.

"Сырт қарағанда еш зияны жоқ болып көрінгенмен мұндай продукция есірткі бейнесіне көз үйретіп, мұның арты адамның бейсанасына кері ықпал етуі мүмкін", — дейді тәртіп сақшылары.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-бабында "есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалауға" тыйым салынған.

Есірткі бейнеленген тауар саудалаған кәсіпкер лицензиясынан айырылып, шағын бизнес ­– ­­­300АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 500 АЕК, ірі нысандарға 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров