"Вакцина салдырмасақ, онда үйде ұзақ отыратын боламыз"

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 426 адам вакцина алған, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қаласы Өзбек этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Абдухалил Оралбаев вакцина туралы өз пікірін бөлісті.

"2021 жылы 9 сәуірде мен ресейлік "Спутник V" вакцинасының бірінші дозасын алдым. Бүгінде вакцинациялану — өзекті мәселе. Менің ойымша, біздің республикамыздың әрбір саналы азаматы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуы тиіс. Мен денсаулығым үшін вакцина салдырдым. 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алдым. Барлығы жақсы, жағымсыз әсерлер болмады", — дейді Абдухалил Оралбаев.

Вакцина алмасақ, Үндістандағы сияқты жағдай нашарлауы мүмкін деп санайды ол.

Абдухалил Оралбаев Алматы қаласының тұрғындарын вакцина алуға шақырды.

Егер біз бұл ауруды бірге жеңу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналануға тиіспіз. Әйтпесе ұзақ уақыт үйде боламыз. Мемлекет бізге екпе пункттерін құру арқылы көмектесіп жатыр, сол үшін вакцина алу қажет,

деді Абдухалил Абдурайымұлы.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 426 адам вакцина алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров