«Үнді штаммы» вирусының жұғу мүмкіндігі 60 пайызға жоғары

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

«Дельта штамм» деген ғылыми атауға ие болған вирустың бұл түрі қазір әлем халқын алаңдатып отыр, деп жазады ЭК.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирустың іште мутациялануы арқылы пайда болатын бұл штамның басқа вирустарға қарағанда жұғу көрсеткіші 60 пайызға жоғары.

Қазіргі таңда әлем ғалымдарының осы вирусқа қатысты зерттеуіне қарағанда, алдыңғы басқа штамдар бір адамнан орта есеппен 3-4 адамға жұғатын болса, бұл түрі бірден 5-6 адамға бірден жұғатыны дәлелденген. Сондықтан ғалымдар оның таралу қаупі де өте жоғары деген тұжырымға келіп отыр.

Бұл вирусты жұқтырудың негізгі белгілеріне келер болсақ, адамдарда буын мен іштің қатты ауырсынуы сезіледі. Жүрек айнып, лоқсу белгілері байқалады. Тіпті осы ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы да әбден мүмкін. Инкубациялық кезеңі 7 күнге созылады. "Дельта штамм" бүгінде әлемнің 174 елінде анықталған.

Енді еліміздің азаматтары қабылдап жатқан коронавирусқа қарсы екпелер дерттің осы жаңа түріне қарсы тұра ала ма? Микробиология және вирусология ғылыми зерттеу институты Вирустық экология зертханасының меңгерушісі Айдын Қыдырманов осы сауалға қатысты өз пікірін айтты.

"Жалпы, елімізде қолданыста бар вакцина түрлері вирустың осы "үнділік" штаммына толықтай қарсы тұра алады. Бұл екпелердің қай түрі де барлық вирусқа қарсы әрекет ете алатын болып жасалған. Себебі, олардың антигендік әсері өте жоғары. Сондықтан да азаматтарымызды үрейге бой алдырмай, керісінше, екпе салдыруға немқұрайды қарамауға шақырар едім", — дейді А.Қыдырманов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров