22 шетелдікті алдаған алаяқ қолға түсті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Алматы облысында белгісіз әйелге алданған 22 шетелдік азаматтан полицияға шағым түсті, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz. медиа порталының мәлімдеуінше, Еңбекшіқазақ ауданының бірнеше ауылында жұмыс жасаған шетелдіктердің сеніміне кірген алаяқ олар үшін еңбек келісімшартын жасаймын деп алдап кеткен.

Олардың әрқайсынан үш мыңнан бес мың теңгеге дейін қызмет ақысын алған. Шағым түскен бойда тәртіп сақшылары 44 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылының тұрғыны боп шықты. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы, 2-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бүгінде алаяқтықтың ең көп тараған тағы бір түрі онлайн-сауда екенін айта кету керек. Бұл туралы IDF Eurasia тобының сарапшылары талдау жүргізген. Олардың айтуынша қаржы реттеушісінің банктік есепшоттар, жылжымайтын мүлік және автокөлік сату кезінде сақ болу туралы ескертуіне қарамастан елімізде қаржылық алаяқтық қарқын алып келеді.

Сарапшылар алаяқтарының құрбаны болатындар әдетте тез және оңай байығысы келетіндерді жатқызады. Алаяқтар психологиялық әдістерді терең меңгергендіктен өз құрбанының сеніміне кіріп, ақша жымқырудың түрлі амал-айласын жасайды.

"Заманға сай көпшілігі қашықтан-ақ қаржылық қызметтерді пайдалана береді. Сонымен қатар, тұтынушылардың шамамен 28,7% келісімшарт талаптарына мән бермей сауда жасай береді. Кей жағдайда тіпті менеджердің сөзіне сеніп, келісімшартқа қол қояды. Ал жеке куәлік пен ЖСН-ді қолға түсірген алаяқтар оп-оңай несие рәсімдей алады", — дейді Solva ҚАҰ бас директоры Анна Максимова

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров