Алматылық ару ELLE Arabia мұқабасына шықты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

instagram.com / kristinamenissov

Алматы аруы байқауының жеңімпазы, модель Кристина Менисова әлемдік сән сахналарын бағындыра бастады, деп хабарлайды ЭК.

Оның бейнесі ELLE Arabia журналының мұқабасына басылды.

instagram.com / kristinamenissovinstagram.com / kristinamenissov
instagram.com / kristinamenissov

Суретті Лос-Анджелестегі әйгілі сән фотографы Джой Стротц түсірген. Кристина Менисованың әкесі — эфиоп, шешесі — қазақ. Ол сыртқы келбетімен ғана емес, ерекше даусымен де елді таңқалдырып келеді.

Ол Алматы консерваториясының вокал және дирижерлеу бөлімін бітірген. Сондықтан Umberto DJ және Gipsy Kings тобымен бірге ән айту оған қиындық тудырмаған.

Кристина Менисова бес жыл бұрын АҚШ-қа көшкен. Онда Менисова табысты модельдердің біріне айналды. Michael NGO, Fashionnova, PrettyLittleThing, Michael Costello, Roberto Cavalli, Jovani Dresses секілді әлемдік брендтердің көзайымына айналған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров