Ақтөбеде 4-қабаттан секірген әйелді полицейлер құтқарып қалды (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің 4-қабатынан мас әйел секірмек болды, деп хабарлайды ЭК.

Полицияның 102 қоңырауына хабарлама түскен бойда, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Көңілқошев дереу жетеді.

Бұдан кейін патрульдік полиция қызметкерлері Саламат Елдесов және Нұрберген Ахетов келді.

Полиция қызметкерлері мен көршілері үйдің терезесінің алдына көрпе ұстап, әйелді секірмеуге көндірді. Бірақ олардың сөзін тыңдамаған әйел секіріп кетті.

Көрпе ұстіне құлаған әйел жеңіл дене жарақатын алып, қаладағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қазір 25 жастағы әйелдің бұл қадамға неге барғаны анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров