Алматы әкімдігі биік үйдің құлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Тимур НИТАЛИЕВ

Жаңа меншік иелері оны әдейі бұзып жатыр екен, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Сейфуллин және Тимирязов көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл үй құлап қалған жоқ. 2009 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған ғимарат. Тек қана қаңқасы қалған. Меншік иелері оны әдейі бұзып жатыр. Орнына басқа құрылыс салмақ. Ол құрылыс тұрған жер жекеменшікте", — деп жауап берді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

instagram.com / almaty_novostiinstagram.com / almaty_novosti
instagram.com / almaty_novosti

Ал әлеуметтік желіде ғимараттың өздігінен құлап қалғаны жөнінде айтылып, фото-суреттері кеңінен таралған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров