Үрмелі матраспен жүзбек болған үшеу құтқарылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ТЖД

21 маусымда Тобыл өзенінде 3 адам мінген үрмелі матрас ағыспен жағалаудан алыстап кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Рудныйдағы Тобыл өзенінде демалушылар мінген үрмелі матрас ағыс екпінімен жағалаудан алыстап кеткен. Қатты ағыс 200 метр қашықтықтағы аралға дейін апарған. Өздігінен шыға алмаған олар "112" құтқару қызметіне қоңырау шалады.

Қостанай қаласының құтқарушылары оқиға орнына 40 минуттан кейін келіп, демалушыларды жағаға алып шықты. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров