Карантин сақтамаған 84 кафе мен бар жабылды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жыл басынан бері елімізде карантин талаптарына бағынбаған 84 кафе мен бар сот шешімімен жабылды, деп жазады ЭК.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлағандай, 1 қаңтар мен 19 маусым аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтар 107 358 рейд жүргізіп, 655 859 нысанды тексерді.

17 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған. Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіні, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтыны, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатыны анықталды, — деп мәлімдеді комитеттің баспасөз-қызметі.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 315 іс сотқа жіберіліп, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров