Шығыста көлік салығын төлемейтіндер көбейген

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын көлік салығын төлемейтіндер көбейген. Олардың қарызы 1 млрд теңгеге жуықтады, деп жазады ЭК.

Бүгінде ШҚО-да 367 мыңнан астам көлік тіркелген. Қазіргі уақытта көлік салығын төлемегендердің қарызы 989 миллион теңге болып отыр.

— Борышкерлердің жалпы саны — 45 мың адам. Салық төлемей жүргендердің көпшілігі — Өскемен қаласының көлік жүргізушілері. Олардың қарызы шамамен 400 млн теңгені құрайды. Салықты өндіру үшін 37 мың борышкерге берешектің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді. 15 мыңға жуық адам қарызды өндіріп алуға қатысты салықтық бұйрық алған. Сондай-ақ 14 мың салық бұйрығы мәжбүрлі түрде өндіру үшін құзырлы органдарға берілді, — деді ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров