Елімізде 15 мыңнан астам мигрант жұмыс істеп жүр
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Ел аумағында 15 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істеп жүр, деп жазады ЭК.
— 15668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда. Олардың 667 — басшылар және олардың орынбасарлары, 3260 — құрылымдық бөлімшелердің басшылары. Маусымдық жұмысқа 1800-ден астам шетелдік келді,- деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1782 жұмыс беруші бар. Министрліктің ақпараты бойынша, елімізге Қытай, Өзбекстан, Түркия, Үндістан мен Ұлыбританиядан еңбек мигранттары көптеп келген.