Оңтүстікте көкөніс күнге күйіп жатыр

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Әлеуметтік желіден

Диқандар жеміс-жидек пен көкөністі экспорттай алмай отыр, деп хабарлайды ЭК.

Жанар-жағар майдың жоқтығынан егін уақытылы жиналмай қалуы мүмкін. Әсіресе, шет елге экспортталатын көкөніс күнге күйіп кетудің аз-ақ алдында тұр.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге қатысты болған келеңсіз мәселелер Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің кезектен тыс отырысының күн тәртібіне қойылды.

Түркістан қаласында өткен жиында ҚР Энергетика министрлігінің өкілі Мұрат Тұрдыбеков Оңтүстік өңірлерді жанар-жағар маймен толығымен бір апта ішінде қамтамасыз етілетінін атап өтті. Негізі себеп — 6 мамырдан 10 маусымға дейінгі аралықта "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілгендігінен орын алған. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, өңірге 20 мың тонна бензин және 8 мың тонна дизель отыны жіберілген.

Жиында шаруалар жанар-жағар май бағасының шарықтап кеткеніне байланысты наразылық білдірді.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

"КазАгро-вет-снаб" ЖШС төрағасы Сержан Тастанбеков шаруалар пісіп тұрған қауын-қарбыздарын экспорттай алмай отырғанын жеткізді. Яғни егістік алқабындағы еңбектің еш кетуіне аз қалған.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліби Тұрысбаев бағаның көтерілуінің басты себебі жанар-жағармайды басқа өңірлерден тасымалдаудан болды дейді. Егер департамент тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда арнайы шаралар қолданылмақ.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанар майдың тапшылығынан тығырыққа тірелген шаруалардың мәселесін шешу үшін өңірге дизель отынын жеткізуді жылдамдату қажеттігін айтып, министрлікке ұсыныс берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров