ASTANA FINANCE DAYS 2021 конференциясына тіркелу басталды

Экспресс К

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Astana FINANCE DAYS 2021 жыл сайынғы конференциясына тіркелудің ашылғанын хабарлайды.

1-3 шілде аралығында өтетін шара барысында АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтардың дағдарыстан кейін қалпына келуіне мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынады.

"Өсуді қалпына келтіру" тақырыбымен өтетін онлайн-конференция бірқатар іс-шаралардан тұрады:

  • Fin&TechSummit:
  • Visaсессиялары
  • Mastercardсессиялары
  • Fin&Tech
  • BusinessConnect Форумы
  • Жасылөсу форумы
  • Макроэкономикалық форум
  • Әйелдердіңэкономикалықмүмкіндіктерінкеңейту форумы
  • Білім беру технологиялары форумы
  • АХҚО құқықконференциясы
  • Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т.б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері болады.

Astana Finance Days (AFD) — бұл жыл сайын өткізілетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD жиынына әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жиналған еді.

Өңірдегі ең ірі іскери онлайн-іс-шараға тіркеліңіз, ол туралы достарыңызға айтыңыз.

Онлайн шараның бағдарламасы мен спикерлері туралы толық ақпаратпен astanafindays.kz сайтында таныса аласыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров