Мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Оралда мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік апатын жасаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп жазады ЭК.

БҚО полиция департаменті тәртіптік комиссиясының 21 маусымдағы шешімімен теріс іс-қылық жасағаны үшін Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Берік Ибрашев ішкі істер органдарынан босатылды. Оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілік тартылды,- деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 21 маусымдағы қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес Б.Ибрашев жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл әкімшілік Кодекс бойынша кінәлі тұлғаны 15 күнге қамауға алу жазасы көзделгенімен, полиция бөлімшесінің бастығы қамауға алынбады.

Еске сала кетейік, Оралда Абай полиция бөліміне қарасты Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Б.Ибрашев "Фольксваген Пассат" көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген "Ауди А4" автокөлігімен соқтығысқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров