Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД Баспасөз қызметі

«Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының бойында «Лифан» автокөлігі мен «Ман» маркалы жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ЭК.

Тас жолдың бойымен келе жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан. Ауыр соққыдан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде қаза тапты. Жарақат алған екі ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Көлік жүргізушілері жол ережесін сақтамайды. Жылдамдықты арттырады, қарсы бағытқа шығып кетеді, мас күйінде көлік жүргізеді, бір -біріне жол бермей ерегіседі. Осындай әрекеттердің соңы көп жағдайда апатқа алып келеді", — деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Қазір аталған оқиға бойынша іс қозғалған.

ПД Баспасөз қызметіПД Баспасөз қызметі
ПД Баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров