Бішкекте мейрамханалардың 23.00-ден кейін де жұмыс істеуіне рұқсат етілді

Абылай МАУДАНОВ

Pixabay

Шешім төтенше комиссияның отырысында қабылданды. Бұл туралы қаланың вице-мэрі Виктория Мозгачева мәлімдеді, - деп хабарлайды ЭК 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 17 маусымнан бастап Қырғызстан астанасында ресторан, кафе, түнгі клуб, көңіл көтеру орталықтарының 23.00-07.00 аралығында жұмыс істеуіне шектеу қойылған еді. Бішкектің вице-мэрі Виктория Мозгачева қоғамдық тамақтану орындарының басшыларын санитарлық талаптарды сақтауға шақырып, ереже бұзғандарға қатаң шара қолданылатынын ескерткен болатын.

Бүгін Қырғызстанда COVID-19 белгісі бар 931 науқас анықталған. Оның 435-і — Бішкек тұрғындары. Науқастардың көбеюіне байланысты қалада жедел жәрдем көмегіне сұраныс 10% артқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров